Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партияларға Terezemedia.kz ресми интернет-журналында үгіт материалдарын жариялаудың шарттары мен тәртібі туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Terezemedia.kz интернет-журналының меншік иесі – ЖК «Абилхан» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды Terezemedia.kz интернет-журналының ресми сайтында үгіт материалдарын (бұдан әрі — Үгіт материалдары) жариялау үшін алаң ұсынудың ақы мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.
| Жариялау түрі | Қызмет сипаттамасы | Бір (1) күндік жариялау бағасы теңгемен көрсетілген, ішінде ҚҚС (қосылған құн салығы) ескерілген
|
| Мақала | Басты бетке дайын материал жариялау (3 мың белгіге дейін, бос орындармен және 3-4 фотосуретпен) | 30 000
|
| Мақала | Басты бетке дайын материал жариялау (3-10 мың белгі, бос орындармен және 12 фотосуретке дейін) | 50 000
|
| Баспасөз мәлімдемесі
|
Басты беттегі жаңалықтар желісінде жариялау (2 мың белгіге дейін 1-2 фотосуретпен) | 10 000 |
| Баннер түріндегі жарнама
|
Дайын баннерді жариялау | 10 000 |
* Үгіт материалдары толық дайын күйінде ұсынылады және меншік иесі оларды редакциялық өңдеуді жүзеге асырмайды.
ЖК «Абилхан» үгіт материалдарын Terezemedia.kz интернет-журналында партиялық тізім ұсынған саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде жариялайды.
Үгіт материалдарының саны, көлемі, жарияланатын күні мен уақыты партиялық тізім ұсынған саяси партияның сенімді өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.
Жазбаша өтінішке қосымша мыналар беріледі:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- саяси партия сенімді өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (соның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);
- өтініш тапсыратын саяси партия сенімді өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі;
- шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
- үгіт материалының қағаз бетіне түскен мәтіні.
Үгіт материалдары жарияланатын күннен 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылады.
Егер материал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және Terezemedia.kz интернет-журналының редакция саясатына қайшы келсе, ЖК «Абилхан» үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.
Үгіт материалдарын жариялау кезектілігі жазбаша өтініш келіп түскен уақытқа қарай анықталады. Өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін сайттың меншік иесі белгілейді.
Үгіт материалында ақысы төленгені, қаржыландыру көзі туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы мәлімет болуға тиіс.
Саяси партиялар үгіт материалдарының мазмұнында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына жауапты болады.
Интернет-журнал иесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соның ішінде материалдарда келесі сипаттағы мәлімет болған кезде үгіт материалын орналастырудан бас тартуға немесе оларды таратуды тоқтатуға құқылы:
— конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру;
— мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру;
— әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе өзге де араздықты қоздыру;
— қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;
— өзге кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер.
Үгіт материалын жарияланғаны үшін төленетін ақы жасалған шарт бойынша төлем төлеуге ұсынылған шот негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 17 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) мына мекен жайда қабылданады: Өскемен қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі 35а, 4-қабат, 401-кабинет. Электронды пошта: terezemedia@gmail.com. Байланыс тел: 8707 913 67 84
