TEREZE MEDIA сараптамалық-танымдық интернет-журналы
ЖаңалықтарМәдениет

Тарбағатайлық талантты балалар Өскемен жұртын тамсандырды

Тарбағатайлық талантты балалар Өскемен жұртын тамсандырды

Бүгін Шығыс Қазақстан Өнер музейінде Тарбағатай ауданының «Балалар өнер мектебі» ұйымдастырған «Мен әлемді сүйемін» атты оқушылар шығармашылығы көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Көрмеден жас суретшілердің 85 туындысы орын тауып, олардың шығармашылық ізденісі мен көркемдік шеберлігі көпшілік назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір жұмыс балалардың ішкі жан дүниесін, қиялын және өмірге деген көзқарасын бейнелейді.

Көрмеде келушілерге шеберлік сағаттары да өткізілді. Қатысушылар жүн басу, текемет жасау, майлы бояумен жылдам сурет салу сияқты жұмыстарды көріп, акварель техникасын үйреніп, тәжірибе жинақтады.

Көрменің ашылу салтанатында «Балалар өнер мектебі» КММ директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Әлібек Шоқанов сөз сөйлеп, мұндай шаралардың жас дарындарды қолдауда маңызы зор екенін атап өтті.

Фото: Өнер музейі

Сонымен қатар іс-шараға ұстаздар Әділет Шоқанов, Мейір Жетпісов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажар Назымханова қатысты.

Шығыс Қазақстан Өнер музейінің директоры Ерназ Калижанов көрменің тәрбиелік мәніне тоқталды.

Бұл көрме – балалардың шынайы сезімі мен шығармашылық шабытын көрсететін маңызды алаң. Мұндай бастамалар жас таланттардың дамуына серпін береді, – деді ол.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, көрме жас буынның өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Конституциялық Сот Тоқаевтың президенттік мерзіміне қатысты норманы түсіндірді

redaktor_tereze

Өскемендегі live-концертті 12 мыңнан астам адам тамашалады

admin_tereze

Орманды сақтаймыз десек, орманшыны қорғайық

redaktor_tereze