TEREZE MEDIA сараптамалық-танымдық интернет-журналы
ЖаңалықтарМәдениет

«Қонақкәде», нан мен тұз: ШҚО құтқарушылары әр ұлттың дәстүрін насихаттады

«Қонақкәде», нан мен тұз: ШҚО құтқарушылары әр ұлттың дәстүрін насихаттады

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әртүрлі ұлттың киімін киіп, салтдәстүрін дәріптеді, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемендегі этноауылда өткен іс-шара барысында құтқарушылар әр этностың салт-дәстүрін кеңінен таныстырды. Қазақтың «қонақкәде» дәстүрі жиылған көпшілікке ерекше әсер етті. Бұл дәстүрі бойынша үй иесі үйіне келген қонақтан құрмет белгісі ретінде қандай да бір өнер көрсетуін (көбіне ән айту, күй тарту, өлең айту) сұрайды. Бұл — қонақты сынау емес, керісінше оған ілтипат білдіру, құрмет көрсету және көңіл көтеру.

Сондай-ақ орыстың қонақты нан мен тұзбен қарсы алу дәстүрі көрсетілді. Бұл – молшылық пен шынайы қонақжайлықтың белгісі. Ал беларусь мәдениетінде үй маңындағы ағаштарды құстардың мүсінімен безендіру дәстүрі бар. Ырымға сәйкес, құстардың қанатымен үйге бақыт пен жылулық келеді.

Бүгінде облыстық департаментте қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр, дүнген және беларусь ұлттарының өкілдері қызмет етеді. Әр халықтың өзіндік ерекшелігі мен бай мәдени мұрасы болғанымен, барлығын біріктіретін ортақ құндылық – өзара құрмет пен бір мақсатқа ұмтылу. – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың пікірінше, бірлік, достық және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік – Шығыс Қазақстан гарнизоны жетістіктерінің негізгі тірегі болып қала береді.

Ұқсас мақалалар

Қойтастағы жер дауы: ауыл тұрғындарының талабы орындала ма?

redaktor_tereze

Жас таланттардың өнерін шыңдаған саз мектебі — ШҚО

admin_tereze

ШҚО-да демалыс орындарына апаратын жолдар жаппай жөнделіп жатыр

admin_tereze