TEREZE MEDIA сараптамалық-танымдық интернет-журналы
Жаңалықтар

Ақпараттық хабарлама

Фото: ОСК

Желілік басылымға ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі

Үгіт материалдарын орналастыру үшін желілік басылымға материал беру жеке кәсіпкерлікпен 2026 жылғы 29 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы негізінде кандидаттардың (бұдан әрі – Кандидат) материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының ЖК-мен шартқа қол қоюы уәкілетті (сенім білдірілген) адамның ЖК-дан сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға берген келісімі болып саналады.

Баспасөз алаңын ұсыну үшін Кандидаттың уәкілетті адамы ЖК-ға мынадай ақпаратты көрсете отырып, ЖК басшысының атына жазылған өтініш береді:

1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша өтініш берілген күн мен уақыт. Өтініш кезектілік тәртібімен мәслихат сайлауын өткізу бойынша жазбаша өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен оның келіп түскен күнін көрсету арқылы тіркеледі;

2) жазбаша өтініш беретін уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Т.А.Ә.;

3) жазбаша өтініш беретін адамның өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат, жеке куәлік/паспорт, уәкілетті (сенім білдірілген) адамның тіркеу куәлігі);

4) ҚР Президенті Жарлығының және Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімінің көшірмесі;

5) үгіт материалдары орналастырылатын алаңның жоспарланған көлемін, орналастыру санын, көлемін, орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, орналастыру кестесін (медиа-жоспар), мерзімді баспасөз басылымының (газеттің) атауын көрсету. Осы ұсыныстардың негізінде ЖК техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, шартқа қосымша болып саналатын баспа алаңдарын ұсыну кестесін (медиа-жоспар) әзірлейді;

6) үгіт материалының мәтінін қағаз түрінде (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы болуға тиіс және электрондық жеткізгіште таратып жазу;

7) жазбаша өтініш берген уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы қойылады.

Үгіт материалдары Серіктестікке модульдер және / немесе мақалалар түрінде беріледі

Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы электрондық мекенжайға ұсынылады: abilkanovserik@gmail.com немесе электронды жеткізгішпен қолма-қол тапсырылады: ШҚО, Өскемен қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі 35а, 4-қабат, 401-кабинет мемлекеттік тілде, TIFF форматы – макеттер үшін; WORD – мақалалар үшін; JPEG – фотосуреттер үшін.

Жарияланымдарда олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған орган туралы ақпарат болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы аумағында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы сайлауы алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:

№ Қызмет Өлшем бірлігі Баға/тг
1 Үгіт-насихат бейнеролигін шығару (30 секундтан 1,5 минутқа дейін) 1 бейнеролик 30 000 – 150 000 арасы
2 Үгіт-насихат аудиоролигін әзірлеу (30 сек) 1 аудиоролик 30 000
3 Веб баннерді интернет ресурсқа орналастыру 1 күн 10 000
4 Terezemedia.kz желілік басылымына материалдарды жариялау 1 мақала 50 000
5 Өңірлік tereze_media Instagram парақшасында жарияланымдар орналастыру 1 жазба 30 000
6 Өңірлік Tereze Facebook парақшасында жарияланымдар орналастыру 1 жазба 10 000
7 Өңірлік Tereze Telegram арнасында жарияланымдар орналастыру 1 жазба 3000

* сома Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын қызметтер үшін көрсетілген.

Үгіт материалдарын орналастыру шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Серіктестік берген төлем шоты негізінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Материалдар мына мекенжайда қабылданады: Өскемен қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі 35а, 4-қабат, 401-кабинет. Электронды пошта: abilkanovserik@gmail.com. Байланыс тел: 8707 913 67 84

Ұқсас мақалалар

Өскемендегі көшеттер неге өліп жатыр?

redaktor_tereze

Қойтастағы жер дауы: ауыл тұрғындарының талабы орындала ма?

redaktor_tereze

Орманды сақтаймыз десек, орманшыны қорғайық

redaktor_tereze