Сайлау науқаны аясында облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Олжас Керейхан мен Мағжан Тәжібай А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұжымымен кездесті.
Кездесуде кітапхана жүйесін дамыту, мәдени мұраны сақтау және халықтың мәдени қызметтерге қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Кандидаттар «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырып, онда алдағы жылдары аймақты дамытудың негізгі бағыттары айқындалғанын атап өтті.

Бүгінде кітапхана — тек кітап сақтайтын орын ғана емес, адамдардың білімге деген қызығушылығын оятып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын, өзара пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық кеңістік. Қоғам сұранысы өзгеріп отырған қазіргі кезеңде кітапханалардың рөлін арттырып, барлық буын өкілдері үшін маңызын сақтап, сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл бағытқа айрықша көңіл бөлінген, — деді Олжас Керейхан.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі — кітапхана қорларын жүйелі түрде жаңарту. Алдағы алты жылда 18 205 дана кітап сатып алу жоспарланып отыр. Оның 13 855 данасы отандық авторлардың шығармалары болмақ. Сондай-ақ кітап қорын толықтыру, тақырыптық іс-шаралар өткізу, қазақстандық жазушыларды қолдау және кітап оқуды насихаттау көзделген.
Мәдени мұраны цифрландыру да басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Қазіргі уақытта кітапханалар кітап қорларын сақтаумен ғана шектелмей, цифрлық технологиялардың көмегімен білім мен мәдени құндылықтарға қолжетімділікті кеңейтуге де басымдық беруге тиіс. Осы мақсатта 2031 жылға дейін цифрлық форматқа көшірілген сирек мәдени мұра нысандарының үлесін кітапханаларда 68,3%-ға, музейлерде 81,7%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Кездесуде Шығыс Қазақстанның мәдени инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарлары, соның ішінде жаңа үлгідегі облыстық кітапхана салу жобасы да таныстырылды.

Мағжан Тәжібай «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында облыстың 2031 жылға дейінгі даму бағыттары мен алдағы міндеттері қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды бағдарламамен танысып, 29 қарашада өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Біз тұрғындарға құр уәде емес, өңірді дамытудың нақты бағыттары мен алдағы міндеттерін ұсынып отырмыз. Әрбір сайлаушының бағдарламамен танысып, ұсынылған бастамалардың мән-маңызын бағамдап, өз көзқарасын қалыптастырғаны маңызды. Өңірдің болашағы бүгін қабылданатын шешімдерге ғана емес, тұрғындардың да белсенділігіне байланысты. Сондықтан баршаңызды партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз, — деп түйіндеді ол.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.
