TEREZE MEDIA сараптамалық-танымдық интернет-журналы
Жаңалықтар

«Әділет» партиясы ұсынған бағдар: спортқа қолжетімділік — басты назарда

Фото: ӘDILET партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу мәселелері «Әділет» партиясы өкілдерінің Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резервтің кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесуінде кеңінен талқыланды.

Облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Анара Жантасова мен Жанат Мекеева жүздесу кезінде партияның денешынықтыру мен спорт саласын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.

Фото: ӘDILET партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі
Фото: ӘDILET партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі — спортпен айналысуға баршаға бірдей мүмкіндік жасау. Бұл ретте бұқаралық спортты өркендету, балалардың спортқа қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды қолдау және жаттықтырушылар құрамының әлеуетін нығайтуға басымдық берілмек. Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамыту арқылы қала мен ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау көзделген.

2031 жылға дейін денешынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатын тұрғындардың үлесін 52,5 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Бұған қоса өңірде 13 спорт жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Өскеменде волейбол орталығы, Риддерде денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, облыстың бірқатар елді мекенінде жаңа спорт нысандары бой көтермек.

 

Жанат Мекеева спортты дамыту ең алдымен балалар мен жасөспірімдерге жасалатын жағдайдан басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, әр баланың спорттық қабілетін ашып, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік болуы керек.

Бала облыс орталығында тұрса да, шалғай ауылда өссе де, өзі қалаған спорт түрімен айналысуға тең мүмкіндік алуға тиіс. Ол үшін спорт нысандарын салып, қолданыстағыларын жаңғырту, бұқаралық спортты дамыту қажет. Алайда мұндай бастамалардың нәтижесі халықтың қолдауына да байланысты. Сондықтан сала мамандарының пікірін тыңдап, еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескеріп, тұрғындармен тұрақты байланыс орнату маңызды. Алдағы сайлау — әр азаматтың өз таңдауын жасап, өңір болашағына қатысты ұстанымын білдіретін маңызды сәт. Баршаңызды сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын, — деді кандидат.

Ал Анара Жантасова спорт мектептерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі орнына тоқталды.

Спорт — тек жоғары жетістік пен жеңіс тұғыры емес. Ол — ұлт саулығы, мінезді шыңдау мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралы. Спортшылардың әрбір жетістігінің артында жаттықтырушылардың табанды еңбегі, тәлімгерлердің тәжірибесі мен спорт мектептерінің жүйелі жұмысы тұр. Сондықтан әр баланың өз қабілетін танытып, биік белестерді бағындыруына жағдай жасауымыз керек. Әрине, өңірдің өркендеуі спортпен ғана шектелмейді. Сапалы білім, қолжетімді медицина, заманауи инфрақұрылым және жаңа жұмыс орындары — ортақ дамуымыздың маңызды бағыттары, — деп атап өтті ол.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж.
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Ұқсас мақалалар

Қойтастағы жер дауы: ауыл тұрғындарының талабы орындала ма?

redaktor_tereze

Кеніш жабылды, бірақ ластану тоқтамай тұр: Карагужиха тағы да тоқсары түске боялды

redaktor_tereze

Өскемендегі Студенттер аллеясы радиациямен ластанған аумаққа салына ма?

redaktor_tereze