TEREZE MEDIA сараптамалық-танымдық интернет-журналы
Жаңалықтар

Әділет» өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыттарын таныстырды

Фото: ӘDILET партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Людмила Захарова, Сабина Слямханова және Александр Милейко Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымымен кездесті.

Кездесуде «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Онда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу, білікті мамандар даярлау және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне басымдық берілген.

Фото: ӘDILET партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау — халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды салалардың бірі. Сондықтан медициналық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етумен қатар, аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау жұмыстарын күшейту қажет. Бағдарламамызда осы бағыттағы нақты міндеттер белгіленген. Атап айтқанда, 2031 жылға қарай өңірдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75,6 жасқа дейін жеткізу жоспарланып отыр, — деді Людмила Захарова.

Бағдарламада медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге де ерекше мән берілген. Алдағы алты жылда 180 медицина қызметкерінің біліктілігін арттырып, кеңейтілген практикадағы мейіргер ісі мамандығы бойынша 909 маман даярлау көзделген. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шаралары қарастырылған.

Медициналық көмектің сапасы ең алдымен мамандардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Сондықтан кадрлық әлеуетті арттыру медициналық жабдықтар мен инфрақұрылымды жаңартумен қатар жүруге тиіс. Бағдарламада дәрігердің жұмысын жеңілдететін жасанды интеллект көмекшілерін енгізу, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының базасында инвазивті емес диагностика орталықтарын ашу, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Мұның бәрі өңір тұрғындарына медициналық көмекті уақтылы әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Сабина Слямханова.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамытудың келешегі мен халық денсаулығын нығайтудағы медицина қызметкерлерінің рөлі де сөз болды.

Фото: ӘDILET партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Александр Милейко саланы дамыту үшін білікті мамандар даярлау, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және аурулардың алдын алу шараларын қамтитын кешенді тәсіл қажет екенін айтты.

«Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасында медицина кадрларын даярлау, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, медициналық ұйымдарды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу жөніндегі шаралар қамтылған. Бұл бағыттардың әрқайсысы облыстың барлық тұрғыны үшін маңызды. Сайлаушыларды ұсынылған бағдарламалармен танысып, алдағы дауыс беру кезінде өз таңдауларын жасауға шақырамын, — деді ол.

Кездесу соңында партия өкілдері тұрғындарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Ұқсас мақалалар

Тарбағатайлық талантты балалар Өскемен жұртын тамсандырды

admin_tereze

Колледжден мектепке: Есенберлин даңғылындағы құрылыстың мерзімі шегерілді ме?

redaktor_tereze

ШҚО-да демалыс орындарына апаратын жолдар жаппай жөнделіп жатыр

admin_tereze